Бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баға берген еді. Бұл ұлағатты сөзді қазір тек басылымдарға ғана емес, барлық электронды ақпарат құралдарына, ақпарат агенттіктеріне қатысты қолдануға болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Біздің қызметтер

Видео, фотосессия түсіру, дизайн жасау

Имиджді материалдар, PR, сараптамалық инфографика, арнайы шығарылым

БІЗДІҢ ГАЗЕТТЕР




3
газет
4
сайт
80 мың
оқырман
БІЗДІҢ ЖОБАЛАР
Кәсіби мерекеміздің тұсында сүйікті газетіміз "Aq jol"-дың бас киімінен (шапка) бастап, жалпы дизайнын өзгертіп, жаңаша леппен шығардық.
Қазақ журналистикасын қалыптастырған айтулы тұлға - Шерхан Мұртазаны төбемізге көтеріп осындай Ұлы адамдардың жолын, абыройын берсін деп тіледік!
Алда жазылатын мақалалардың салмағы, сапасы да артпақ. Өйткені, жаңа басшылық тарапынан қойылып отырған талап бар: өңірдегі проблема, түйткіл, сын мен мінге назар аударып, халықтың мәселесін шешуге бағытталған мақалалар жазу.Алдағы уақытта көөөптеген жаңалықтар болмақ

Шіркін, "сбежий" газеттің иісі қандай?! Облыстық "AQJOl" мен қалалық "JAMBYL-TARAZ" басылымының бүгінгі саны. Жақсы дүниелер жазылған.

БІЗДІҢ ұжым
ҰСЫНЫС БАР МА?
Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі әлі де жалғасуда!
Күні кеше ғана, «Aulieata-Media» ЖШС қызметкерлері тимбилдингке шығып, төл мерекелерін тағы да көтеріңкі күймен атап өтті. Жаздың жаймашуақ күнінде әріптестер топтық қызықты ойындарға қатысып, суға түсті, ән айтты, би биледі,спорттық ойындар ойнады, тағысын тағы…Өткізілген шара ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді деп сеніммен айта аламыз. Тимбилдингктегі көңілді эмоциялар мен қызықты сәттер төменде видеода.
«Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым!” Республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.
Биылғы жыр додасы “AQ JOL” газетінің 100 жылдығына да арналып отыр
🔸️»Aulieata-media» ұжымының жаңа жылдық ерекше тартуы🤗
Құрметті оқырман, 2021 жылды жемісті аяқтаған «Aulieata-media»-ның келесі жылға да жоспарлаған мақсатты жұмыстары көп! Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!
🔰 Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек дарынды жастарды қабылдады
Республикалық «Ұлы Дала» байқауында «Поэзия» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған ақын, Жазушылар одағының мүшесі, «AULIEATA-MEDIA» холдингіне қарасты облыстық «AR-AI» газетінің
Облыстық “Aq jol” газеті 100 жасқа қадам басты
Облыстық “Aq jol” газеті 100 жасқа қадам басты. Ғасырлық мерейтойды ресми түрде атап өтуді алдымен газет ардагерлері мен ұжымының басын қосып, басылымда еңбек етіп, өмірден өткен азаматтардың рухына Құран оқытудан бастады
Бүгін облыстың қара шаңырағы «Aq jol» газетіне танымал айтыскер, продюсер, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек келіп, газет ұжымының тыныс-тіршілігімен танысты
Содан соң қоғам қайраткері «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай “Туған жер түлектері” жобасы бойынша газеттің бас редакторы Оралхан Дәуітке сұхбат берді Сүбелі сұхбатты газетіміздің алдағы нөмірінен күтіңіздер
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні!
«Aulieata-Media» ЖШС-ның бас директоры Нұрбек Бекен ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметкерлерді марапаттады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Руханият орталығында журналистермен және БАҚ басшыларымен кездесті.
Кездесуде «Aulieata-media» және «Jambyl TV» басшылары Нұрбек Бекен мен Мейіржан Әлібекұлы есеп беріп, алдағы мақсат-міндеттермен бөлісті.
“Aulieata-media” жігіттері жүлдегер
Алматы қаласында «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына арналған бильярдтан журналистер арасында республикалық турнир өтті. Турнирде “Aulieata-media” холдингі облыстық “АQ JOL” газетінің журналистері Ерғали Қартайған ІІ-орын, Табигат Абаилдаев ІІІ-орын иеленді.
“АQ JOL” газеті “Үркер” ұлттық сыйлығының “Үздік басылым” номинациясының жеңімпазы атанды.
Нұрбек Бекен басшылық ететін “Aulieata-media” құрамындағы облыстық “АQ JOL” газеті “Үркер” ұлттық сыйлығының “Үздік басылым” номинациясының жеңімпазы атанды. Ізгі тілегін білдіріп жатқан барлық жанашырларымызға алғысымызды білдіреміз
Ақпарат саласының үздігі
“AQ JOL” газетінің журналисі Ақылжан Мамыт Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. “Aulieata-media” холдингінің директоры Нұрбек Бекен тәжірибелі журналисті лайықты марапатымен салтанатты түрде құттықтап, төсбелгіні табыс етті.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев түрлі номинация бойынша облыстық “Әулиеата үміті” жастар сыйлығын табыс етті
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев түрлі номинация бойынша облыстық “Әулиеата үміті” жастар сыйлығын табыс еттіОлардың қатарында “AULIEATA-MEDIA” холдингінің қызметкерлері Нұржан Қадірәлі мен Lola Nurmatova да бар
Жамбылда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС құрылды
Өңірде «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, облыстың БАҚ саласында біршама құрылымдық өзгерістер орын алғандығын бұрын хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыстық «Ақ жол» газетіне арнайы келіп, облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Арай» жастар газетінің ұжымымен кездесіп, жаңа құрылымның мақсат-міндеттері қахында, қазіргі баспасөзге қойылатын талаптар жайлы кеңінен баяндады.
3D тур
123




